12.02.2026 ж. көктайғақ, қатты желдің екпіні, жаңбыр мен қардың аралас жаууына байланысты Өскемен қаласының 0–11 сынып оқушылары (екі ауысымда) қашықтан оқыту форматына көшіріледі.

Құрметті студенттер!
Қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты колледждегі сабақтар уақытша қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Оқу үдерісі колледждің электрондық білім беру платформасында толық көлемде ұйымдастырылады. Барлық студенттерден бекітілген сабақ кестесіне сәйкес сабақтарға уақытылы қосылуды сұраймыз.
