Кәсіптік бағдар беру кездесуі №4 және №5 мектептердің 9-сынып оқушыларымен

Бүгін №4 және №5 мектептердің 9-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру бағытында мазмұнды әрі пайдалы кездесу өткіздік 🤝
Кездесу барысында болашақ мамандықты таңдау, білім алу мүмкіндіктері, қазіргі таңда сұранысқа ие салалар және өз қабілеті мен қызығушылығын дұрыс анықтаудың маңыздылығы туралы әңгімелестік.
Оқушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларымен және жоспарларымен бөлісті. Осындай ынталы, ізденімпаз жастарды көріп, үлкен әсер алдық ✨
Бұл кездесу әр оқушыға өз болашағына сенімді қадам жасап, дұрыс бағыт таңдауға көмектеседі деп сенеміз. Алда тек сәттілік пен үлкен жетістіктер!