2-курс студенті, 24-11-РЭТк тобының білім алушысы — Серікбекұлы Жомарт «Алтай ТВ» телеарнасына сұхбат берді.

Ол аталған іс-шараға волонтер ретінде шақырылып, өз тәжірибесімен бөлісіп, белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті.

🎉 Қоғамдық өмірге белсене араласып, түрлі бастамаларды қолдап, оқу орнымыздың абыройын арттырып жүрген студенттерімізді мақтан тұтамыз.

Қатты аязға байланысты (-41) сабақтар қашықтан оқытуға көшіріледі.

27.02.2026
Өскемен қаласында қатты аязға байланысты (-41°)
0–11 сынып оқушылары (1–2 ауысым)
және колледждердің 1–2 курс студенттері
қашықтан оқыту форматына көшіріледі.

🚀 Ссылка на платформу Инструкция по работе с платформой

26.02 қатты аязға байланысты сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды

26.02.26 Өскемен қаласында қатты аязға байланысты (-40) 1-2 ауысымдағы 0-11 сыныптар қашықтан оқытуға көшіріледі.

🚀 Ссылка на платформу Инструкция по работе с платформой

2026 жылғы 24 ақпанда «Болашақ мамандар» атты облыстық форсайт-семинары өтті

«WorldSkills Shygys 2026» және «AgroSkills Shygys 2026» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаттарын өткізуге дайындық аясында 2026 жылғы 24 ақпанда «Болашақ мамандар» атты облыстық форсайт-семинары өтті.

✅ Іс-шараға WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатының сарапшылары, өндірістік оқыту шеберлері және өңір колледждерінің арнайы пән оқытушылары қатысты.

🔰 Семинар барысында қызмет көрсету саласы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, шығармашылық және дизайн, өнеркәсіптік өндіріс, құрылыс және басқа бағыттар бойынша 45 құзыреттілікке арналған модульдер әзірленді.

🔶 Сарапшылар білім алушылардың республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу кезіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған заманауи білім беру технологияларын қолдану тәжірибелерімен бөлісті.

⭐ Технико-экономикалық және ақпараттық технологиялар колледжі биыл «WorldSkills Shygys 2026» чемпионатына «Веб-технологиялар» құзыреттілігі бойынша қатысады.