2026 жылғы 24 ақпанда «Болашақ мамандар» атты облыстық форсайт-семинары өтті

«WorldSkills Shygys 2026» және «AgroSkills Shygys 2026» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаттарын өткізуге дайындық аясында 2026 жылғы 24 ақпанда «Болашақ мамандар» атты облыстық форсайт-семинары өтті.

✅ Іс-шараға WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатының сарапшылары, өндірістік оқыту шеберлері және өңір колледждерінің арнайы пән оқытушылары қатысты.

🔰 Семинар барысында қызмет көрсету саласы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, шығармашылық және дизайн, өнеркәсіптік өндіріс, құрылыс және басқа бағыттар бойынша 45 құзыреттілікке арналған модульдер әзірленді.

🔶 Сарапшылар білім алушылардың республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу кезіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған заманауи білім беру технологияларын қолдану тәжірибелерімен бөлісті.

⭐ Технико-экономикалық және ақпараттық технологиялар колледжі биыл «WorldSkills Shygys 2026» чемпионатына «Веб-технологиялар» құзыреттілігі бойынша қатысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *