Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
Ақпараттық технологиялар техникалық-экономикалық колледжінің құрметті қызметкерлері мен студенттері!
Сыбайлас жемқорлық Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін,
мемлекеттің және қоғамның тұрақтылығына нұқсан келтіретін, жүргізіліп жатқан
реформалардың жүзеге асуына кедергі келтіретін жүйелі құбылыс болып табылады.
Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы беделіне
кері әсерін тигізеді.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи
заңнамалық база қалыптасқан. Оның негізін Қазақстан Республикасының
2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы,
2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің
2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» құрайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық келісімдерді іске асыру
және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында
2008 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
конвенциясын ратификациялады.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
Қазақстан халқына арнаған
«Қазақстан-2050» стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында
сыбайлас жемқорлықтың жай ғана құқық бұзушылық емес,
мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер екені атап өтілген.
Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының
ең маңызды стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады.
Құрметті қызметкерлер мен студенттер, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне
төзбеушілік ахуалын бірге қалыптастырайық!
Заң талаптарын бұзу белгіленген жауапкершілік пен
жазалауға әкеп соғатынын естен шығармаңыздар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі
нормативтік-құқықтық база
- Қазақстан Республикасы Президентінің «2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия туралы» Жарлығы
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы
- Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі
- «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңы
- «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы
- «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
- Колледждің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
- Педагогикалық қызметкерлер мен қызметкерлердің Ар-намыс кодексі
- Колледждің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына қатысты құжаттар
